Бейбіт Шүменов WBA нұсқасы бойынша тағы да әлем чемпионы атанды

181
фото inform.kz/

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) бірінші ауыр салмақтағы рейтингтің жаңарған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды  ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) «тұрақты» әлем чемпионы болып қайта жарияланды. Еске салайық, бұдан бұрын Шүменов WBA-ден «демалыстағы чемпион» атағын алған еді, алайда енді бұрынғы мәртебесін қайта қалпына келтірді.

Бейбіт Шүменов соңғы айқасын өткен жылы шілдеде өткізді: ол тоғызыншы раундта түрік Хизни Алтункаяны (31-3, 18 КО) мерзімінен бұрын жеңді. Бұл жеңіс Шүменовтың бос тұрған WBA «тұрақты» әлем чемпионы белбеуін қайтаруына мүмкіндік берді.