Екі студенттің текетіресі: полиция тексеру жұмыстарын жүргізуде

130

Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде екі студент арасында туындаған жанжал жайты бойынша полиция қызметкерлерімен тексеру жүргізілді.

Жанжал тұрмыстық негізде болғаны анықталды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-тің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

 

QAINAR KÓZШымкент қ. Полиция департаментінің Баспасөз қызметі