Кредиттік тұрғын үйлерге құжаттар қабылданады

148

2019 жылдың қазан айының 1-2 жұлдызында (сағат 9-00ден сағат 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін) «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін кредиттік тұрғын үйлерге өтінім мен құжаттар қабылданады.

Төлем қабілеттілігі баразаматтардан құжаттар 2 жұмыс күні ішінде қабылданады.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша төлем қабілеттілігі расталған азаматтар жылдық мөлшері 7 пайызды құрайтын, бастапқы жарна 20 пайыздан төмен емес, мерзімі 25 жылға дейін берілетін несиелендіру шарттарымен тұрғын үй алуға болады.

«7-20-25» бағдарламасынақатысу шарттары:
– Қазақстан Республикасының азаматы;
– Ипотекалық несиелердің болмауы;
– Табыстың болуы;
– Баспананың болмауы.

Бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес, үміткерлер белгілі бір пәтер түріне өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) аумақтық әділет органының (өтініш берушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтамасы;
3) Алғашқы кредиттік бюро анықтамасы;
4) Жұмыс орнынан табысы туралы анықтама.

Егер өтініш беруші тиісті кірісті растамаса, онда келесі өтініш берушілердің алдын ала тізімдерінен іріктеу жүргізіледі.

Өтінімдер мен құжаттардыңқабылданатын мекен-жайы: Шымкент қаласы, Республика даңғылы , №12а , 1-ші қабат.