Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі Созақ ауданында өтті

134

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту, азаматтардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабардар болу деңгейін арттыру және электрондық мемлекеттік қызметтерді көпшілікке тарату мақсатында бүгін 2019 жылдың 12 қыркүйегінде Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының ұйтқы болуымен ұйымдастырылған іс-шараға 200 ге жуық тұрғын қатысты.

Жәрмеңкеге келушілерге электронды қызметтерді Egov, Телеграмм жүйесіндегі EgovKzBot, Mgov қосымшаларымен алу әдістері, мемлекеттік қызмет көрсетудің ең қажетті салаларында, атап айтқанда әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту, білім беру, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй қатынастары және АХАТ салаларында қажетті консультативтік-әдістемелік көмек ала алды.
«Онлайн болу – заман талабы. Көрсетілетін электрондық қызметтер санының артуына байланысты мемлекеттік корпорациямен агенттік қызметкерлері халық арасында қызметтерді онлайн алуды үйрететін шаралар өткізіп, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруда. Біз ең бірінші қалта телефондарымен қызмет алуды басты назарға аламыз. Бұл қосымшаларды пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті. Оны ХҚО қызметкерлері жүзеге асырады. Тәртіп бойынша қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі мен ұялы телефоны байланыстырылып, базаға енгізілуі тиіс. Алдағы уақытта бұл іс-шара облысымыздың басқа да аудандарын қамту жоспарлануда»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының ресми өкілі Амантай Егембердиев.

Сонымен қатар, Корпорация қызметкерлері өз қызметін түрлі парақшалар, брошюралар, жадынамалар тарату арқылы таныстырды.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша 1 197 811 электронды қызметтер беріліп, мобильді азаматтар базасында 12161-ден астам созақтықтар тіркелген. Ал Созақ аудандық ХҚО жыл басынан осы күнге дейін 15541 электронды цифрлы қолтаңбаға өтініш қабылдаған. Түркістан облысының вокзал, почта, білім ошақтары секлі бір қатар адам көп шоғырланған жерлерде «Өз –өзіне қызмет көрсету бұрыштары» ашылды.

 

QAINAR KÓZ«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметі.