Сарбиназ Алдабергенова «Қыран» футбол клубына басшы болып тағайындалды

201

«Қыран» футбол клубында кадрлық өзгерістер орын алды. Клуб директоры қызметіне Сарбиназ Алдабергенова тағайындалды.

Тағайындалғаннан кейін жаңа директор ұжыммен сөйлесіп, жұмыс жоспарлары туралы айтты. Ең алдымен клубтың қаржылық мәселелерін шешуді жоспарлап отыр.

«Біз командада ынтымақтаса жұмыс істейміз деп үміттенемін және өз клубымызды биік белеске көтереміз. Алдағы уақытта біз маңызды шешімдер қабылдайтын боламыз. Барлығымызға сәттілік тілеймін», – деді Сарбиназ Алдабергенова.

Сарбиназ Алдабергенова есімі спортсүйер қауымға жақсы таныс. Күнгейлік спортшылардың тыныс тіршілігінен молынан мағлұмат беретін тамаша бағдарламадардың авторы болды. «Отырар» медиахолдингінің белді де беделді тілшілерінің қатарынан табылды. Спорт тақырыбының «жілігін шағып. майын ішкенә нағыз майталман маман.

«Отырар» медиахолдингі атынан Сарбиназды құттықтай отырып, алар асу биік болғай деп тілектестік білдіреміз.