Түркістан облысының полицейлері кісі өліміне қатысты күдіктіні ұстады

93

12 қыркүйек күні, сағат 5:30-дар шамасында Қазығұрт АПБ-нің кезекші бөліміне ауруханадан оқ тиіп жараланған жас адамның мәйіті жеткізілгендігі жөнінде хабарлама келіп түседі. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша тіркелді.

Жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, ТО ПД Криминалды полиция басқармасымен Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Аталған топқа тергеушілер мен криминалистер кірді. Кісі өлімін анықтау және ұстау үшін үш тәулік қажет болды. Осы уақыт ішінде жедел-тергеу тобы күдіктілердің барлық байланыстарын тексерді, таныстар шеңберін орнатты, куәгерлерден сұрастырды және басқа да жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде, Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері күдіктілерді Шымкент қаласынан ұстады. Олардың екеуі Шымкент қаласының тұрғыны болса, біреуі Қазығұрт ауданының тұрғыны болып шықты. Олардан шолақ мылтық алынды.

Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтауда.

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі