Түркістанда «ақылды» аялдамалар қойылуда

380
Иллюстрияциялық фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Түркістан қаласының тұрғындары енді автобусты ақылды аялдамада күтеді. Өңірде бұрын соңды болмаған қоғамдық орын қыста жылы, жазда салқын болады. Осындай жоспарымен бөліскен қаланың жаңа әкімі автобус паркін да іске қоспақ ниетте.

Рухани астананың да енді өз арбаты бар. Қала әкімі Рашид Аюповтың айтуынша осыған дейін бұл көше қараусыз жатқан. Бірақ бір айға жетпей қоқысқа толы орын тазаланып, бүгінде бұл аумақ тұрғындардың демалатын аймағына айналды. Тіпті тегін вай-фай да орнатылыпты.

Рашид Аюпов, Түркістан қаласының әкімі: «Бұл жер қараусыз қалған орын болатын. Құрылысқа 89 млн. теңге жұмсалды».
Күннен күнге көркейіп келе жатқан көне шаһарда құрылыс тәулік бойы тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Енді Түркістанның сәулетті ғимараттарының қатарына амфитеатр қосылады. Осылайша мәдениет орны шаһардың тағы бір мақтанышына айналмақ.

Музыкалық субұрқақ Шығыс Қазақстан облысының тартуы. Гүл бейнесіндегі фонтан қала алаңының көркіне көрік қоспақ. Әзірге ол тек кешқұрым іске қосылады. Ал күндіз мұнда құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Түркістан қаласы әкімі бастауын алған бұл жобалар 2021 жылға дейін аяқталады. Екі ауысымда жұмыс істеп жатқан құрылысшылар нысандарды өндірістік кестеге сай тапсыру үшін барын салып жатыр.

Назерке Үкібасова