Велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

108

Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, осы жылдың шілде айында оның «Опель» автокөлігінен белгісіз тұлғалар ақша мен басқа да бағалы заттарды ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы 100 мың теңгеден асады.

Аудандық полиция басқармасына тағы бір автокөлік иесі арызданып, оның машинадан құны 20 мың теңгеден асатын портативті теледидары ұрланғанын айтады. Осы жайттар Сайрам АПБ-ның СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық»бойынша тіркеуге алынады.

Аталған қылмыстарды ашу мақсатында Сайрам АПБ-ның полиция қызметкерлері барлық қажетті іс-шараларды, соның ішінде жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәгерлерден жауап алып, басқа да жедел іс-шараларды атқарады. Полиция қызметкерлерінің іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде, жергілікті тұрғын ұсталады. Анықталғандай, бұрынырақ жас жігіт құны 30 мың теңге тұратын жергілікті тұрғынның велосипед ұрлығына қатысы бар күдікті болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлерімен ұсталған азаматтың басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Сарыағаш ауданында полиция қызметкерлері автокөлік салонынан қараусыз қалған телефонды ұрлап кеткен тағы бір ұрыны қолға түсірді. Сарыағаш АПБ – не «Фольцваген» көлігінің иесі арызданған, ол автокөлігінен жергілікті базар маңында белгісіз тұлғалардың құны 130 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткендігін көрсеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, ұрлық жасады деген күдікпен, Сарыағаш ауданының тұрғыны,яғни жұмыссыз азамат құрықталды. Аталған жайт ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз мүліктеріне сақ болу және оны қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Тәртіп сақшылары автокөлік иелеріне өз көліктерін күзетілетін тұраққа қойып, есіктері мен терезелерін жауып, тіпті көлікті ұзақ уақытқа қалдырмауды ұсынады. Сондай-ақ автокөліктерге күзет дабылқаққышын орнату және салонда бағалы заттар мен ақшаны қалдырмау қажеттігін айтады. Велосипедтерді ұрлаудан аулақ болу үшін оларды айдап кетуге қарсы құрылғылармен бекіту қажет және бағалы заттарды ұзақ уақыт назардан тыс қалдырмау керек.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысы ПД баспасөз қызметі