«Қауіпті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтуде

667

Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Қауіпті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында орта мектеп психологтары арасында семинар-тренинг өтуде.

Семинар-тренингті жүргізіп жатқан тренерлер: профессор, медицина ғылымдарының докторы, врач-психотерапевт М.А.Асимов, врач психотерапевт, медицина ғылымдарының кандидаты Багиярова Ф.А. (Алматы).

Семинар-тренингтің мақсаты:

• қиын жасөспірімдермен жұмысты ұйымдастырудың міндеттері мен тәсілдерін түсіну;
• жасөспірімге/оқушыға және оның ата-анасына қолдау көрсету мүмкіндігі;
• мектеп психологтарының өз жұмысымен қанағаттануын жоғарылату және «жанып кету синдромның» қаупін төмендету;
• мектепте достық атмосферасын құру;
• қиын жағдайларды шешу үшін команданы ұйымдастыру мүмкіндігі.

Семинар-тренинг талқылау, миға шабуыл, командада жұмыс жасай білу, дағды, біліктілікті көрсету, рөлдік ойындар, нақты жағдайлар мен әрекеттер әдістері бойынша өткізіліп жатыр.