Атаулы әлеуметтік көмектің арқасында кәсібін дөңгелетіп отыр

189

Шымкент қаласында Атаулы әлеуметтік көмек бойынша шартты ақшалай көмек алып, оған кәсіп ашып жатқан азаматтар көп. Солардың біреуі – Фахриддин Алмаходжаев.

Ол алты баланың әкесі. Отбасында еңбекке жарамды бір өзі болғандықтан, шартты ақшалай көмек алу үшін Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты Шымкент Жұмыспен Қамту Орталығына құжат өткізген. Нәтижесінде оның мұқтаж екендігі анықталып, тиісті қаражат тағайындалып, төленген.

Мемлекеттің көмек ретінде берген қаражатын мақсатты жұмсап, омарташылықпен айналысуға бел буған. Қазір оның кәсібі жолға түсе бастаған. Фахриддин Алмаходжаев мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ол кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.

 

QAINAR KÓZХалықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі