Шымкентте кәсіпкерлік бөлімін басқаратын шенеунік парамен ұсталды

637

Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі басшысы пара алу үстінде ұсталды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қызметкерлерінің хабарлауынша, шенеунік кәсіпкерге аудан аумағында сауда жасауға рұқсат беру үшін және оның кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасау мақсатында одан 65 мың алып тұрған сәтінде қолға түсті.

Агенттіктің шұғыл түсірілімі, яғни дәлелді видеосында шенеуніктің бұл қаржыны 5 мың теңгеліктермен алғаны байқалады.

Мөлдір Бекеева