Тайыр Шералиевтың құрметіне кабинет ашылды

630

Ерлік ешқашан ұмытылмайды. ҚР Ішкі істер Министрлігіне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында бейбіт күннің батыры – Тайыр Шералиевтың құрметіне арнайы кабинет ашылды.

Онда полиция аға лейтенантының өмір жолы, балалық шағынан бастап, есімі мен ерлігін насихаттайтын дүниелері жасақталыпты. Жеке басына тиесілі құжаттары да төрден орын алған.Игі шараға аталған оқу орталығының қызметкерлерімен қатар, құқық қорғау саласының өкілдері, ардагерлер, жергілікті билік өкілдері және туған-туыстары қатысты. Жиналғандар небәрі 23 жасында қыршынынан қиылған Тайыр Нақыпжанұлы турасында, оның батылдығы жайлы естеліктер айтып, құрмет көрсетті.

Тайыр Шералиевтың ата-анасы (ортада)

Айта кетейік, Тайыр Шералиев еңбек жолын МКҚБ-да взвод командирі болып бастаған. 2007 жылдың қыркүйегінен Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі болып қызмет еткен.2009 жылдың шілде айында ауыр қылмыс жасап, іздеуде жүрген қылмыскерді құрықтау үшін жедел уәкіл топтың жасағымен Алматы қаласына қызметтік іс-сапармен аттанады. Дәл осы жылы осы айда, сол қылмыскерді ұстау барысында полиция аға лейтенанты ерлікпен қаза тапқан еді.

Мөлдір Бекеева