Екі жүзден астам курсант офицер атанды

554

Ішкі істер министрлігіне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығын алғашқы офицер түлектер бітіріп шықты. Бүгін 234 курсантқа құқық қорғау саласында қызмет ете алатынын растайтын күәліктер тапсырылды.

Оқу орталығында екі ай білім алған болашақ полицейлер құқық бұзушылықтың алдын алу, заңды дұрыс қолдану, қылмысты ашудың қыр-сырын үйренді. Осу курсты бітіргені жөніндегі сертификаттар жас офицерлерге құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге жолдама болмақ.

Қазақстанның әр аймағынан келген курсанттар бұған дейін жоғарғы оқу орындарын бітірген. Ішкі істер органдарына қызметке кіріскен соң оларға офицер шені берілетін болады. Оқу орталығын тәмамдаған бүгінгі түлектер учаскелік полиция инспекторы, тергеуші, жол-патрульдік полициясы болып, қызметке орналасады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=GMymz8gpjDA[/youtube]