Жалған ақпарат таратқан тұрғын жындыханаға жабылуы мүмкін

311

Жалған ақпарат таратқаны үшін жындыханаға жабылуы мүмкін. Қаратау аудандық сотында «102» шұғыл нөмірі – полицияға хабарласып, қылмыстық топтың бөгде адамдарды қамауда ұстап отырғанын айтқан азаматтың ісі қаралып жатыр.

Себепсіз жалған ақпарат таратқан 47 жастағы тұрғын бұған дейін психо-диспансерде есепте тұратын болып шықты. Сондықтан, сот оны тағы да ем-дом қабылдауға жөнелтуі мүмкін. Сот процесіне шақырылған туыстары мен көршілері де соңғы уақытта оның жүйкесі сыр беріп жүргенін жасырған жоқ.

Меруерт Досмаханбетова, Қаратау ауданы прокуратурасының аға прокуроры: «Жасы 50-ге таяған тұрғынның  дабыл-қоңырауы үшін оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 3 өрт сөндіру техникасы мен апатты-құтқару жасағы жұмылған. Сондай-ақ, полиция департаментінің де арнайы көліктері жетіп, қызметіне кіріскен. Осы шақыртудан соң, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері де тиісті мекен-жайдан табылыпты. Осылайша жалған қоңырау нәтижесінде, мемлекетке барлығы 49 769 теңге 80 тиын шығын келген. ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабы бойынша қылмысқа барған ол жасаған әрекеттеріне жауап бере алмайды. Себебі, психикалық дертке шалдыққан. Сондықтан оны жалпы психиатриялық бекетке жабу керек».

Мөлдір Бекеева