Өзбекстанда Қазақстан медицина күндері өтуде

128

Қазақстан жылы аясында Өзбекстанда 21-22 қарашада  Өзбекстанда Қазақстан медицина күндері өтуде.

Іс-шараның мақсаты Қазақстан мен Өзбекстанның Денсаулық сақтау жүйелері арасындағы ынтымақтастықты күшейту, медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту, екі елдің азаматтарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін тәжірбие алмасу болып табылады.

Осы мақсатта ҚР Денсаулық сақтау министрі Е  Біртанов бастаған 70-ке жуық  қазақстандық делегация шет елде іс сапармен шет елде жүр. Оның ішінден  жетекші медициналық клиникалар мен бейінді медициналық және медициналық жоғары оқу орындары,  IT және Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы  компания  өкілдері бар.

Іс-шараның бірінші күнінде   қазақстандық медицина жетістіктерінің форумы мен көрмесі өтуде. Форумға қатысушыларға  Қазақстанның денсаулық сақтау реформаларымен, тәжірибелік медицинада қолданылатын инновациялармен және озық технологиялар  таныстырылды.