100 келіге жуық балықты заңсыз аулаған азамат ұсталды

117

Түркістан облысы Полиция департаменті ЖПҚ Табиғатты қорғау полиция тобы инспекторлары Арыс АПБ-нің ЖПҚ УПИ-лары бірлесіп, Арыс ауданының аумағында рейдтік іс-шара жүргізді.

Нәтижесінде Көксарай су қоймасында өзінің резеңке қайығымен және қытай торымен заңсыз балық аулаған азаматты ұстады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау» бойынша тіркелді.

Полицейлер тексеру кезінде күдіктіден 80 келі сазан, 13 келі басқада балық түрлерін айғақты зат ретінде тәркілеп алды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысы полицейлері браконьерлікті, биологиялық ресурс обьектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және табиғатты қорғау заңнамасы, заңсыз аң аулау, балық аулау, ағаш кесудің жолын кесуге бағытталған рейдтік жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп отырады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі