Еліміздегі 5 университеттің лицензиясы бір айға тоқтатылды

437

Еліміздегі 5 университеттің лицензиясы бір айға тоқтатылды. Білім және ғылым министрлігі бұған дейін арнайы бағалау жүйесінің тізбесіне енген 13 университетке тексеру жұмыстарын жүргізген болатын.

Тексеру нәтижесінде 5 университет лицензиясынан уақытша айрылса, 12 жоғары оқу орнына айыппұл салынып, 1 университет бойынша іс сотқа жіберілді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарына қойылатын біліктілік талаптары да күшейтіледі. Әсіресе педагогтерді даярлайтын оқу ордаларына қосымша талаптар дайындалып жатыр. Еліміз бойынша ондай 85 университет бар.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі: «Бүгінде көп бейінді университеттің барлығы мұғалімдерді даярлайды. Алайда олардың сапасы сын көтермейтіндіктен, қойылатын талаптарды күшейту арқылы мұғалімдерді даярлайтын ЖОО санын 85-тен 20-25-ке дейін қысқарту жоспарланып отыр. Олар басқа бағыттар бойынша мамандар даярлай береді, ал педагогика бойынша лицензиялары қайтарылып алынуы мүмкін. Шамамен алғанда, әр аймақта мұғалімдерді даярлайтын 1 мықты ЖОО және Алматыда бірнеше оқу орны болмақ».

Одан бөлек, министр студенттері сабаққа келмейтін университеттерді де бір түйреп өтті. Бір оқу жылында 100 ізденушіні қабылдап, 800-ге жуық түлек шығаратын білім ордаларының да мәселесін министрлік енді майшаммен қарамақ.

Меруерт Ахан