Шымкентте ХҚО қызметкері алаяқтық жасады деп айыпталып отыр

183
фото .inform.kz

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент филиалының құқықтық қамтамасыз ету маманы алаяқтық жасады деп күдікке ілінді. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Cаll-centеr арқылы келіп түскен хабарлама арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент филиалының маманы тарапынан жасалған алаяқтық әрекетті анықтады. «Ол ҚР Жоғарғы Сотының кассациялық сатысымен даулы жер учаскесіне қатысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдауына жәрдемдесемін деп алдау арқылы азаматтың 250 мың теңге көлемінде ақшасын қалтаға басқан.

Маман осындай күдікке ілінді» делінген хабарламада. Күдікті өз кінәсін мойындады және қорғаушысы екеуі процессуалдық келісім жасасу туралы өтініш берді. Осыған байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылмады.