Тәртіп сақшылары балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлықтарына алды

184

Ағымдағы жылдың басында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері департамент бастығы полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың бастамасымен Шымкент қаласының №4 Сайрам балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлығына алды. Осы уақыт ішінде полицейлер балаларға бірнеше рет барып, қуанышқа бөлеген болатын.

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Шымкент қ. ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері киім-кешек, түрлі ойыншықтар мен спорттық құрал-саймандар сатып алып, балаларға қонаққа барды. Полицейлердің игі ісіне дүкен сатушылары да қосылып, сыйлықтар алуға көмектесті.

№4 балалар үйі тәрбиеленушілерінің полицейлермен әр кездесуі мейірімді және жарқын мерекеге айналады. Әр жолы балалар көтеріңкі көңіл-күйде болып, өздері үшін маңызды жылулық пен қамқорлықты сезінеді.