Ебін тапқан екі асайды. Сарыағаш ауданының тұрғыны жер үстінен де, жер астынан да пайда тауып отырған. Күндіз үй алдындағы дүкенде саудасын дөңгелетіп, ал түнде сол дүкеннің астынан қазылған жертөледе казиноның қазанын қайнатып кеген.
Көктерек ауылының тұрғыны заңсыз жерастынан ашқан ойынхана жұмысын заңсыз жүргізіп отырған. Оның бұл пысықайлығы кірістер департаментінің рейді кезінде әшкере болды.
Салықшылар дүкенге олайн кассалық аппаратын тексеруге келген. Түркістан облысы бойынша мемлекеттік баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ойын бизнесі туралы» заң талаптарын бұзған азаматқа қатысты құжаттар аудандық прокуратураға жолданған.
Баян Тұлғабаева, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы: «Рейд кезінде мамандар базарларды, дүкендер мен дәріханаларды тағы басқада объектілерді тексеруден өткізуде. Осы ретте Сарыағаш өңіріне де ерекше көңіл бөлінбек, өйткені мұнда көптеген курорттық айма қтар шоғырланған».
Мақпал Рысбаева