Интернат балаларының келер жылы қандай ас ішері әзірге белгісіз

120

Депутаттар Түркістан облысындағы 20 мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің тамағы мен аспаздардың жалақысына алдағы жылға қаралған 1 млрд. 600 млн. теңге ірі емес, жеке кәсіпкерге берілуіне қарсы. Олардың келіспейтін тұсы – Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы жобаларға конкурстың жабық болуы.

Талғат Баймаханов, облыс мәслихатының депутаты: «Айқайдың барлығы – конкурс дұрыс жарияланбаған. Бір кісі шығып өзі ұтып алды. Артында бір адам бар. Он жылға мемлекеттік-жекешілік әріптестік бойынша егерде міндеттерін орындамаса жауапқа тартуға болады ғой».

Өңірдегі мектеп -интернаттарындағы асхана жұмысын ұйымдастыру құқығын жеңіп алған инвесторға да сөз берілді. «Екінші рет қарап жатқандарыңа рахмет. Асхананың тозығы жеткен Кеңес Одағынан бері жабдықтары жаңаланбаған» деді өз сөзінде.

Осыдан кейін, мемлекеттік-жекешелік әріптес жобасына қатысушының бұл мәселесі сессияның күн тәртібінен алынып тасталды. Депутаттар мердігердің материалдық-техникалық базасын жіті зерттеген соң бұл мәселеге қайта оралатын боп келісті.

Осылайша, интернат балаларының келер жылы қандай ас ішері әзірге белісіз.

Шынар Оразова