Демалыс күндері Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Төлеби ауданындағы балалар үйінде болды. Онда 60-қа жуық ата-ана қамқорлығынан айырылған бала тәрбиеленуде.
Жаңа жыл мейрамы қарсаңында тәрбиеленушілерге арналған мерекелік шара ұйымдастырылып, түрлі сыйлықтар таратылды.
«Бүгін балаларымызды алда келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға сыйлықтар беруге келуіміз – олар мемлекеттің ерекше қамқорлығында екенін білдіру болып табылады», — деді облыс прокуроры Н.Әбдіров.
Облыс прокуроры мұндай акцияларды меншік формасына қарамастан жағдайына қарай әрбір мекеме мен ұйымдар өткізе алатынын атап өтті.
Мәліметке сәйкес, бүгінгі күні Түркістан облысында екі жүзге жуық бала тәрбиеленіп жатқан үш балалар үйі бар.