Шымкентте дәмханадағы кісі өлімі: күдікті ұсталды

433

А. Байтұрсынов көшесіндегі бос тұрған дәмханада адам өлтірді деген күдікпен Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.

Кісі өлтірді деген күдікпен бұрын сотталған 1972 жылы туылған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды. Алкогольді ішімдік ішуге байланысты жанжал туындап, соңы кісі өліміне соқтырған. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Ол уақытша тергеу изоляторында. Бұған дейін ол ҚР ҚК 120-бабы «зорлау» бойынша сотты болған.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 4 -желтоқсанында Әл Фараби аудандық полиция бөліміне қала тұрғынынан қоңырау түскен, дәмханада шамамен 30-35 жастағы ер адамның мәйіті жатқандығы туралы хабарлаған болатын.

Аталған факт ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Ер адамның жеке басы анықталды. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Шакир Умаров