Түркістанда азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді

251

Облыс әкімдігінің бастамасымен сала мамандары 2019 жылдың 13 желтоқсанда Түркістан қаласындағы «Шапағат», «Дастархан», «Дастан», «Береке», «Бәйтерек», «Жібек жолы» сауда үйлерінде және «Қуаныш», «Алтын бұлақ» базарларында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың желтоқсанның 14-і күні Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мусаев және облыс әкімдігінің қызметшілері алда келе жатқан мерекелер қарсаңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу жөнінде кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мамандар жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сауда орындарындағы нарықтың қалыпты екеніне көз жеткізді және базардағы тауарлардың бағасы үнемі қадағалауда болатынын айтты.

Шараның мақсаты – халық жиі тұтынатын тауарлардың құнын өсірмей, азық-түлік бағасын тұрақтандыру.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі