Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін арнайы чат құрылмақ

348

Шымкент қаласы əкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртайдың төрағалығымен «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында жиын өтті.

Басқосуда белгілі болғандай, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана, бала жəне отбасы мүшелерінің зардап шегуінің алдын алу мақсатында бұл жоба жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Маңызды жиында Жастар ресурстық орталығынан құрылған «Аутрич, NEET жастармен жұмыс» бөлімінің атқарған жұмыстары айтылды.

Жыл соңына дейін аталған бөлім қызметкерлері әр шағынаудан бойынша тұрғын үйлермен әлеуметтік нысандар саны, орын алған құқықбұзушылықтар, маскүнемдер мен жұмыссыздар, жабық топтардың нақты ақпараттары жинақталмақ.

Сондай-ақ аудандар бойынша келеңсіз жағдайлардың алдын алу және оқиға болғанда хабарлама қалдыратын ортақ чат құрылу үстінде. Олардың саны қазір 51-ге жетті. Осы жүйе арқылы қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алып, күресу көзделіп отыр.