Порталға 2 мыңнан астам жұмыс беруші тіркелген

134

2019 жылы Шымкент қаласы бойынша 21 745 адамға республикалық WWW.ENBEK.KZ порталымен қалай жұмыс істеу керектігі жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ал, цифрлық сауаттылық бойынша 18412 адам оқытылды. Оның ішінде 12 387 азамат 29 жасқа дейінгі жастар, 441-і мүмкіндігі шектеулі азаматтар. 19893 жұмыс іздеуші түйіндемелері аталған порталға тіркелді.

Өткен жылы enbek.kz порталына Шымкент қаласы бойынша бас-аяғы 2000-нан астам жұмыс беруші тіркелсе, 20 262 бос жұмыс орындары жарияланған. 10 мыңнан астам адамға жолдама берілген.

Дәурен ДҮЙСЕБАЕВ,
Шымкент қаласы әкімдігі
Халықты жұмыспен қамту орталығының
баспасөз хатшысы