Шетелдік нөмір таққан көлік иелері Президенттің тапсырмасын қалай қабылдады?

240

Қазақстанның әр өңірінде Қырғызстан мен Армениядан келген көлікті сатып алғандардың наразылығы естіліп жатыр. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке нақты тапсырма берді. Шетелдік нөмір таққан көлік иелеріне темір тұлпарын уақытша тіркеуге қоюға 1 ай уақыт берілді. Ал бір шешімге келуге оларға 1 жыл мұрсат беріліп отыр. Осыны атқарушы орган өкілдерінен түсіндіріп беруді сұрап Шымкенттің бір топ жүргізушілері қалалық әкімдіктің алдына жиналды.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік нөмір таққан автокөліктер туралы Үкіметке тапсырма берді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Бас прокуратураға жағдайды бағамдап, оған құқықтық баға беруді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:»Шетелдік көлік иелері келесі жылдың 1- наурызына дейін кедендік баж салығын төлеп, өз темір тұлпарын елімізде біржола тіркеуі керек. Не болмаса елден шығарып, заңда көрсетілген міндеттерді орындауы тиіс».

Шымкенттік жүргізушілер Мемлекет басшысының бұл шешімін түсіндіріп беруді жергілікті басшылардан талап етті. Шет елдік нөмірмен жүрген бір топ жүргізушілер қалалық әкімдіктіктің алдына жиналды.«Бізге Президенттің жарлығы бойынша, 2021 жылдың 1-наурызына дейін көліктерді уақытша тірке деп жатыр. Алайда, бұл тіркеу мен салықтың құны – автокөліктің құнынан 2 есеге көп шығын! Бізді қазір айқайлатып тұрған да осы мәселе ғой», – дейді жергілікті тұрғын Қуан Есболған.«Уақытша тіркеліңдер», – дейді. Білсеңіздер, ол көліктердің 70-80 пайызы Қазақстанға тіркеуге келмейді. Ешқайсысы 7 жылдан аз емес, «Евро-5″-ке де кірмейді. Сонда, 1-наурыздан кейін оны елден шығарып тастаймыз ба, не істейміз? Бұл тіркеу деген мәселенің шешілу жолы емес қой. Бұл заң бізге мүлдем тиімсіз! Негізі заң деген халықттың мүддесін қорғауы керек! Заңның бәрі халық үшін болуы керек», – деп дүрлікті жүргізушілер.Олаға жауап беру үшін қала әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов пен Мәслихаттың депутаттары және полиция департаментінің басшылығы келіпті. Жүргізушгілердің ұсыныс-тілектерін тыңдаған жергілікті билік жүргізушілерге тоқтам айтып, келесідей уәжін жолдады.

Бұхарбай Парманов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Сіздердің қойған

Бұхарбай Парманов

сұрақтарыңыздың бәрі орынды. Президенттің тапсырмасы енді ғана берілді, сондықтан егжей-тегжейлісінен біздің әлі хабарамыз да жоқ. Біз енді әр уақытта Сіздермен кездесіп, сұрақтарыңыз, тілектеріңіз болса, оның бәрін орындауға дайынбыз. Бұның бәрін біз енді ақылдасып, Сіздердің жаңағы талап-тілектеріңізді осында енді қарап, жоғарыдағы басшыларға жеткіземіз. Келесі отырыстарда Сіздерге жазбаша түрде жауап беретін боламыз». Сонымен, жиналғандар қойған талаптары мен мазалаған мәселелерін қағазға түсіріп, қол жинап, тиісті органдарға жолдаймыз деп тарқасты.

Мөлдір Бекеева