Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау 2020 жылдың 5 қаңтарынан басталып, бүгінгі таңға 9 244 адамға консультация беріліп, 2 765 отбасыдан өтініш қабылданды.
Құжат қабылдау 5 мекен-жай бойынша жүргізілуде, атап айтсақ:
Нұрсат м.а., Бәйтерекова көшесі № 89. Халықты жұмыспен қамту орталығының ғимаратында;
Бәйдібек би даңғылы №60. Қаратау ауданы әкімі аппаратының ғимаратында;
Тәуке хан даңғылы, №3. Абай ауданы әкімі аппаратының ғимаратында;
Тыныбаев көшесі, №49. Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимаратында;
Толстой көшесі, №119. Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ғимаратында құжаттар қабылдануда.