Шымкентте халық қалаулысы кәсіподақ өкілдерімен кездесті

242

Шымкентте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев еліміздің ең ірі қоғамдық ұйымы – кәсіподақтармен кездесті.

Келелі жиында «Шымкент қаласы және Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов халық қалаулысын атқарылып жатқан ауқымды істермен таныстырады.

Басқосуға №89 жалпы орта мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымы мен қамқоршылық кеңес мүшелері сондай-ақ Шымкент қаласының және Түркістан облысының салалық кәсіподақтарының өкілдерімен мен жергілікті тұрғындар арнайы қатысты. Кездесуде депутат Нұржан Әлтаев Парламенттегі жалпы заң қабылдау жұмыстарының барысын екшеп өтті. Кездесу барысында кәсіподақ мүшелері мен шағын аудан тұрғындары сан түрлі саланы қамтитын сұрақтарды жаудырды.

Мәселен, азаматтар жылыжайларға субсидия беру, жаңадан салынған баспаналарға электр қуатын, ауыз су жүйесін, табиғи газ тарту мен жаңа көшелерге асфальт салу, бағыттағы қоғамдық көліктердің жүргізілуін ұйымдастыру және халық санының өсіміне байланысты фельдшерлік-акушерлік бекет салу ұсыныстары мен өтініш тілектер қаралды.

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов кәсіподақ ұйымдарының негізгі мақсаты жұмысшылар мен еңбеккерлердің құқын қорғау екендігіне ерекше тоқталып, осы бағыттта кәсіпорындарда өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша атқарылған жұмыстардың ауқымды екенін жеткізді.

Сондай- ақ жұмыс берушілердің жұмысшылар алдындағы жалақы қарыздарын шешу, еңбек шарттарын жасасу мен ұжымдық шарт жасасу мәселелерінің шешілуін баяндады.Бірлестік төрағасы еңбек дауын жою мақсатында ашылған татуласу орталығының жемісті жұмыстармен де бөлісті. А

йта кетейік, депутат пен кәсіподақтықтармен кездесуінде «Медиация» туралы заңның аясын кеңейту, соның нақты мысалы ретінде мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қызметкер арасында болатын дауды ең алдымен татуласу бойынша медиация баспалдағынан бастау қажетігі көтерілді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев өзіне бағытталған сауалдарға байыппен жауап беріп, өзекті мәселелерді шешу үшін тиісті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс жасайтынын жеткізді.