Шымкенттік полицейлер кәмелет жасына толмаған жасөспірімді тауып, ата-анасына табыстады

67

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында жергілікті тұрғын баласын қоғамдық көлік арқылы үйіне салып жіберген, алайда баласы кешкі уақытқа дейін үйіне бармаған. Аталған жайт бойынша анасы Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жасөспірімді тауып, ата-анасына табыстады.

Өз кезегінде жасөспірімнің ата-анасы полицейлерге көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

 

QAINAR KÓZШымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі