Қоғамдық көлік саласында автобустарды жаңалау жұмысы биыл да жалғасатын болады. Өткен жылы қалаға жаңа 300 автобус алынса, 2020 жылы 590 автобус алынады.
Нәтижесінде, жолаушылар тасымалы қызметінің сапасы жақсарып, электронды билет жүйесі енгізіліп, жаңа форматтағы диспетчерлік орталық жұмыс істейді. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің есептік жиынында айтылды.
Сала мамандарының сөзіне қарағанда қазіргі қолданыстағы автобустардың тең жартысы ескірген, талаптарға сай емес. Күн сайын жергілікті жолаушыларға 1000-нан астам қоғамдық көлік қызмет көрсетеді.
Мақпал Рысбаева