Сарыағашта су таситын көлік колледж студентін қағып кетті

236

Апат 24 ақпанда Сарыағаштың басты көшесінде болған. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған қызды байқамай, аса жылдамдықпен қағып кеткен.

Ауыр жарақаттар алған 18 жасар қыз есін жимаған күйі жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Полиция қайғылы жағдайдың мән-жайын тексеруде.

«2020 жылдың 24 ақпанында Сарыағаш қалалық полиция бөлімінің 102-пульттық бөліміне аудандық ауруханадан Жетісай-Жібек жолы жолында Сарыағаш қаласынан өтіп бара жатқан ГАЗ-53 су көлігі жас қызды қағып кетті деген хабарлама түсті. Нәтижесінде жаяу жүргінші аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Полиция қызметкерлері бұл фактіні ҚР ҚК 345-бабы бойынша тіркеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, сараптама тағайындалды, олардың қорытындылары шығарылады », – деп түсіндірді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.