Түркістан облысында қарумен қашып кеткен сарбаз ұсталды

503
inform.kz

Әскери бөлімнен қашып кеткен әскери қызметшіні іздеуге қатысты операция аяқталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

«ІІМ және ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы атыс қаруын ұрлап, әскери бөлімді тастап кетіп қалған 1995 жылғы Абылай Бағдатұлы Балғынбайды ұстады. Қаруды ұрлауға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

inform.kz