Úı ANONS Жетісай әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жетісай әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жетісай қалалық әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Ол жергілікті тұрғыннан — кәсіпкерден — шағын және орта кәсіп ашу мақсатында жер телімін бергені үшін жалпы сомадан 530 мың теңге алды деген күдікке ілінген», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.

Тергеу шаралары жалғасады, нақты шешімді сот шығарады.