Шымкентте өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

74

Шымкентте Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік унисертитетінің ғимаратында өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Оқиға орнына №2 шақырылым бойынша арнайы күш пен құралдар жөнелтілді.

Сондай-ақ, өрт сөндіру штабы құрылып, 380 Вт құрайтын электр желісі өшірілді. Яғни, жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді. Жалпы, оқу-жаттығу жиынына қызметтің 6 негізгі және 1 арнайы бірлік өрт сөндіру техникасы, офицерлік және жеке құрамы, Шымкент қаласы ТЖД-ның өкілдері, апаттар медицинасы орталығының және «102» қызметкерлері, жедел-жәрдем медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.

 Мөлдір Ибадуллаева