№4 қалалық емханасының мамандары күшейтілген тәртіп бойынша сақтық шараларын жүргізуде

199

Аталған дерттің таралуына жол бермеу үшін №4 қалалық емханасында күшейтілген тәртіп бойынша жұмыс жүргізілуде. Емхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ТмКҚСмББ мамандары және ОҚМА ЖТД кафедра меңгерушісімен бірлесіп коронавирус инфекциясының алдын алу, таралу жолын, емдеу оқшаулау, зертханалық сынама алу әдісі және аса қауіпті жұқпалы ауруларға арналған бірінші типтік костюмдердің киіп шешу тәртібін көсетіп барлық дәрігерлер мен медбикелер оқытылды.

Сақтық шаралары мен емханаға келуші пациенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігі ретінде әр бір келуші пациенттің дене қызуын термометрия арқылы тексеріп,сол жерде орналастырылған антисептик арқылы қолды өңдеуге кеңес берілуде.Санитарлық- дезинфекциялық режим күшейтіліп, емхана ішілік күнделікті бөлмелердің, дәліздердің, есік тұтқаларын қабырғаларын дезинфекциялық ерітіндіні қолдана отырып күнделікті жинастыру жұмыстары жүргізілуде. Емханаға қарасты «Саяхат» автобекетінде пост қойып қызметкерлер күнделікті, таңғы 8°°ден -20°° дейін кезекшілік құрылып тексеру, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, автобекеттегі жағдай үнемі бақылауда және ХҚКО – қызметкерлер кезекшілік бойынша орталыққа келушілермен ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізіп, термометрия арқылы дене қызыуын өлшеп әр бір келушіні қатаң бақылауда. Тұрғындарға жадынама, үндеу парақшалары таратылып, ақпараттық түсіндіру жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

Алматы, Нұрсұлтан қаласынан келген тұрғындарды дәрігерлік қатаң бақылауға алынуда. Медицина қызметкерлері күнделікті үй карантиніндегі пациенттерді тексеріп, хабар алып, бақылауда ұстауда. Емхана кезекшілігіндегі дәрігерлер, жедел жәрдем бригадасы күшейтілген тәртіп бойынша жұмыс жасауда. №4 қалалық емханасының ұжымы мұндай сәтте сабырлық танытып, жұдырықтай жұмылып, бірге болуға Төтенше жағдай уақыты аяқталып, әлемдік дерттің қаупі басылғанша үйімізден шықпауға, әркім өз отбасымен бірге болуға шақырады.