«Ер-Нұр» күзет агенттігі қызды арашалап қалды

691
"Ер-нұр" күзет агенттігі

Қаламыздағы орталық көшелердің бірінде нағыз кинодағыдай оқиға орын алды. Жұмыс орнынан енді ғана қайтқан бойжеткен үйін сұғанақ ұрының тонап жатқаны үстінен түседі. Қылмыскер тығылудың орнына үрей үстіндегі жас қызды қуа жөнеледі. Құдай сақтағанда, бойжеткеннің татар дәмі таусылмапты.

"Ер-нұр" күзет агенттігі
«Ер-Нұр» күзет агенттігі

Салтанат Санаева, қала тұрғыны: «Енді үйден қашуға әрекет жасап едім, соңымнан ер адам шығып, мені аңдуға көшті. Көшеге жүгіріп шығып, айқайлап, көпшіліктен көмек сұрадым, бірақ жол маңында тірі жан жоқ еді. Қуанышқа орай, көше бойына бір автокөлік тоқтады, ішінен бір топ күзетшілердің киімін киген жігіттер жүрігіп шықты. Олар ұрыны ұстап, оның үйден тонаған алтын-күміс бұйымдарын өзіме қайтарып берді.»

Анықталғанындай, бойжеткеннің өміріне араша болған – «Ер-Нұр» күзет агенттігінің қызметкерлері екен. Кездейсоқ жағдаймен жігіттер сол шабуыл орын алған жерде, яғни, Бауыржан Момышұлы даңғылының бойынан өтіп бара жатады. Айтуларынша, кезекті тапсырманы орындап келе жатқан беттері екен.

Нұрлан Төлендиев, «Ер-Нұр» күзет агенттігінің қызметкері: «Біз шұғыл тапсырманы орындап, қайтып келе жатқанбыз. Көшеден «Көмектесіңіздер!» деп айқайлаған бойжеткеннің дауысы естілді. Ал қыздың соңынан ер адам қуып келе жатыр. Біз тез арада көлікті тоқтатып, ұрыны ұстадық. Бойжеткен бізге бөтен адамның үйіне кіріп тонағанын және оның соңынан қуып келе жатқанын айтып берді. Күдіктіні тексеру кезінде қалтасынан сол қыздың алтын-күміс заттары шықты. Жүйе бойынша парульді полицейді шақырып, ұрыны тәртіп сақшыларына тапсырдық.»

"Ер-нұр" күзет агенттігі автокөліктермен қамтамасыз етілген

«Ер-Нұр» агенттігі 7 жылдан бері жұртшылықтың тыныштығын сақтап, жиған-терген мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Мамандар шұғыл шақыртуларға санаулы минуттарда жетіп, оқиға орнында сізді қорғауға бар.