Шымкентте шомылу маусымы басталды

421

Арқада аяз ақырып тұрғанда шымкенттіктер суға шомылу маусымын бастап кетті. Қалалықтардың сүйікті мекеніне айналған Қошқар ата өзенінің бойы қысы, жазы келушілерден босамайды.

Күннің ызғары болса да балақайлар суға шомылуды бастап жіберіпті.  +18 градусты көрсетіп тұр. Ауа тымық. Дегенмен ызғар бар.

Өзен жағасынан өтіп бара жатқан қала тұрғыны мұздай суға шомылып жатқан балақайларды таспаға басып алыпты. Бейнежазба ақпанның 29 – ы күні түсірілген.