Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

502

Шымкентте көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Медициналық тексеруден өткен, комиссия шешімімен әскери қызметке жарамды деп танылған жігіттердың алғашқы легі осы наурыздың 13-не шекара әскери бөлімдеріне аттанады.

Нұржігіт Жақсылық өз денсаулығына сенімді. Өйткені мектепте, кейін колледжде спортпен шұғылдануын тоқтатпапты. Әскерге шақыру қағаздарын алған мына жігіттер де дәрігерлердің қабылдауында болады.

Медициналық комиссияның оң шешімін алған сапта тұрған Дамир Біржанов Отан алдындағы борышын өтеуге дайынмын дейді. «Дәрігерлер жарамды деп айтты. Шекара әскери бөлімінде қызмет етемін. Құрдастарыма айтарым бұл біздің жігіттік парызымыз бір жыл тез өтіп кетеді» дейді болашақ сарбаз.

Биыл медициналық тексеріс барысында әскерге шақыртылғандардың қалқанша безі, іш қуысы және жүрегі мұқият тексеріледі. Бұл іс әрекеттер жас жігіттерде аталған аурулардың ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Жүрек ауруына шалдыққандарды УДЗ-ге, кейін кардиологқа жібереміз. Солардың қорытындысы бойынша акт түзіліп, жарамды жарамсызы  анықталады. Бұдан бөлек, аудандық комиссияның шешімімен отбасындағы ауыр жағдайына,  оқуына байланысты әскери қызметтен 6 айға шегеріледі. Шақырту алғандар 13-ші  наурызда әскери бөлімдерге аттанады, шекара қызметі болған соң жанұясы жан-жақты тексеріледі сотталғандар  бар ма?..-дейді Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы Әбдіғабит Шегебаев.


Әскери қызметтен жалтарғандарға ҚР Қылмыстық және Әкімшілік Кодексі бойынша шара көріледі дейді әскери.

Былтыр 50-ге жуық азамат 5 айлық АЕК мөлшерінде айыппұл төлеген. Ер балаларды тәрбиелеуде қоғам, әсіресе ата-аналардың жауапкершілігі орасан екендігін Жанат Мұстафина ерекше атап өтті. «Төрт баламның біреуі 8 жыл Ақтаудағы теңіз флотында, екіншім шекара қызметінде   әскери борышын өтеді. Қазір бір ұлым спорт мектебінде. Әскери қызметке дайындалып жатыр. Отбасында үнемі айтып және олардың денсаулығына мұқият қараймыз. Ер балалар елдің тыныштығын қорғайды» дейді.

Былтыр әскерге 500 — ден астам шымкенттік азамат аттанған. Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп жүрген жерлестіріміздің қатарын жақын арада мына жігіттер толықтырады.

Шынар Оразова