Мектепке дейінгі балалар ұйымдары (балабақшалар) үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығында «Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитариялық-гигиеналық қағидалары көрсетілген.
Осы санитариялық ережелерде мектепке дейінгі ұйымдардың аумағы қоршалуы тиіс және аумақта функционалдық байланысты емес объектілерді орналастыруға жол берілмейді. Балалар саны балабақшаның рұқсат етілген сыйымдылығымен тікелей байланысты. Объектілерде шаруашылық – ауыз су, ыстық сумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету, жылыту көзделеді.
Барлық үй — жайлар күн сайын таза ұстау рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі, жәндіктер, кенелер мен кеміргіштер болуына жол берілмейді. Объектілердің жиһазы мен жабдықтары балалардың бойлық-жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс.
Объектілерде ас мәзірінің жасалуын басшы бекітеді.
Сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдері қолданылады. Тыйым салынған тамақ өнімдері — фарширленген құймақтарды; кремі бар кондитерлік өнімдерді; қайнатылған және қуырылған жұмыртқа; қаймақпен және майонез дайындалған салаттарды; газдалған, тәтті алкогольсіз сусындарды, гамбургерлерді, хот–догтарды, чипстерді, пастерленбеген сүтті пайдалануға жол берілмейді (толық тізім санитарлық ережелерде бар). Тамақтану сапасын бағалауды ата — аналар комитетінің өкілі, медицина қызметкері, әкімшілік және аға аспазшы кіретін комиссия өткізеді.
Балабақшаның медициналық қызметкерлері балалардың аурушаңдығын төмендетуге және денсаулығын нығайтуға бағытталған емдеу — алдын алу және сауықтыру іс — шараларын жүргізеді, сондай-ақ қызметкерлердің медициналық тексерулерден уақтылы өтуіне есеп жүргізеді. Барлық қызметкерлердің жұмысқа жіберілгені туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары болуы тиіс.
Бұдан басқа, санитарлық ережелерге сәйкес азық-түлікке, суға, топыраққа, дезинфекциялық құралдарға, сыртқы ортадағы шайындыларға, микроклиматқа, жарықтандыруға гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы барлық қажетті талаптарды сақтау аурулардың алдын алуға, балалардың дұрыс дене бітімі мен ақыл — ойының дамуына ықпал етеді, бұл дені сау ұрпақты қалыптастыруға жағдай жасайды.
Р.Аханова, Шымкент қаласа Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы