Шымкенте дайын құжаттарды беру терезесі қайсы ХҚКО-да жұмыс істейді ?

381

Енді 30-наурыздан бастап әр қалада бір ғана ХҚО дайын құжаттарды беру үшін бірыңғай терезе ретінде жұмыс істейді. Мұнда қазақстандықтар онлайн түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижесін ала алады. eGov порталында қызмет нәтижесі қағаз түрінде берілетін 23 түрлі мемлекеттік қызмет бар. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева хабарлады.

Мамандандырылған ХҚО-да да дайын құжаттарды беру терезелері ғана жұмыс істейді, онда автокөлігін қайта тіркеуге қойған немесе жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырғандар дайын құжаттары мен мемлекеттік тіркеу нөмірін ала алады.

Алтынай Татаева

«Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы. Шымкент қаласы бойынша, Мәделі Қожа көшесі 1Г, мекен-жайында орналасқан №1 ХҚО-нан дайын құжаттарды алуға болады. Ал, автокөлік иелері дайын құжат бойынша «Достық» шағынауданында орналасқан мамандандырылған ХҚО-на жүгіне алады», – деп түсіндірді Алтынай Татаева.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Азаматтар қызметтерді тек электронды форматта алады.

Мөлдір Бекеева