Шымкентте қоғамдық көліктерге дезинфекциялау шаралары жүргізілуде

149

 

Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Наурыз Сүгірәлиев мәлімдеді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары жүргізілуде. Жалпы, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар қала әкімдігінің тікелей бақылауында.

– Шымкенттегі қоғамдық көліктер мен қалааралық бағытта қатынатын автобустарға санитарлық алдын алу шаралары жүргізілуде. Қаладағы барлық жолаушылар көлігіне әр айналым сайын дезинфекция жасалуда. Сонымен қатар, «Самал», «Бекжан», «Айна» автовокзалдарындағы басқа қалаларға барып-келіп жатқан автобустарға да профилактикалық шаралар тұрақты түрде күн сайын жалғасуда, – деді Н.Сүгірәлиев.

Еске салсақ, бүгінде Қазақстанда сационарлық карантинде 1 090, үй карантинінде 452 адам жатыр. Бұған қоса, ҚХР мен көршілес мемлекеттерден келген азаматтар мониторингілеуден өтуде.