Желілік саябақ Түркістанның келбетін ажарландырады

358

Облыс орталығы Түркістанның көркі күннен күнге ажарланып келеді.

Көктемнің алғашқы күндері қалада ағшатар отырғызылуда. Шахардың орталық көшелерінің бірі Бекзат Саттарханов даңғылының бойында желілік саябақ салынуда. Жасыл желек, салт- дәстүрімізді дәріптейтін сәулетті үлгілер, демалыс аймағының қақ ортасынан жүргізілген бетонды арық шіліңгір шілдеде самал леп сыйлайтыны анық.

«Бұдан бөлек әкімшілік іскерлік орталығында Н. Назарбаев атындағы алаң, 38 гектарда Тұңғыш президент саябағы жайқалады. Дендросаябақ та салынуда», дейді Түркістан облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Тәжібай Егетаев.

Сондай-ақ, Түркістанның климатын өзгерту мақсатында қаланы айнала жасыл – желек отырғызылуда. 3-5 жылда ағаштар жайқалып, қоршаған ортаға оң әсерін тигізетіні анық.

Шынар Оразова