Қазақстанда коронавирус анықталғандар саны 402-ге жетті

70
фото inform.kz

2 сәуір, 08:20-дағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған адамдардың саны 402-ге жетті, деп хабарлайды сoronavirus2020.kz.

Мәліметке сай, тағы 16 адамнан (Нұр-Сұлтан қаласында 7, Қарағанды облысында 6, Атырау облысында 2, Солтүстік Қазақстан облысында – 1) коронавирус анықталды.

Осымен Қазақстан бойынша барлығы 402 жағдай тіркеліп отыр: Нұр-Сұлтан қаласы – 191 Алматы қаласы – 90 Шымкент қаласы – 3 Ақмола облысы – 19 Ақтөбе облысы – 4 Алматы облысы – 9 Атырау облысы – 18 Шығыс Қазақстан облысы – 2 Жамбыл облысы – 5 Батыс Қазақстан облысы – 2 Қарағанды облысы – 21 Қызылорда облысы – 25 Маңғыстау облысы – 1 Павлодар облысы – 1 Солтүстік Қазақстан облысы – 6 Түркістан облысы – 5 Жазылып шыққандар: 26 Нұр-Сұлтан қаласы – 16 Алматы қаласы – 10 Қайтыс болғандар: 3 Нұр-Сұлтан қаласы – 1 Ақмола облысы – 1 Қарағанды облысы – 1