Каспий банктың картасын қалаға орнатылған картомат арқылы алауға мүмкіндігіңіз бар

230

Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты үшінші мегаполистің жергілікті билігі дүкендер мен сауда орындарын онлайн төлемге ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Бұл жүйенің қалай жұмыс істейтіндігін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов брифингте түсіндірді.

«6 сәуірден бастап Шымкент қаласындағы карантин кезінде жұмыс істейтін барлық сауда нысандары клиентке банктік аударым арқылы төлем жасауға мүмкіндік беруі керек, егер мұндай режим жұмыс істемесе, олар мұндай жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік бергенше жабылады»,- деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.

Банктердегі кезек санын азайту және халықты бір-бірімен байланыста болудан қорғау, қауіпсіздік мақсатында және коронавирус жұқпасының алдын алу үшін екінші деңгейлі банктер халықты карталармен қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істейді.

«Барлық банктер қысқа мерзімде халыққа карточкалар шығаруға мүмкіндік беру үшін жұмыс режиміне өтеді, оны онлайн режимінде жасауға болады. Бұл Каспий, Банк Центр Кредит және Банк Хоум Кредит сияқты банктердің қызметінде бар. Егер сіз Банк Центр Кредит картасына жүгінгіңіз келсе, байланыс орталығына қоңырау шалуыңыз керек, олар мұны қалай жасау керектігін айтады, ал Каспий банкте сіз өтініште карточканы рәсімдеп, картаңыздың дайын екендігі туралы SMS хабарлама алғаннан кейін ала аласыз. Өтінімді толтырғаннан кейін Каспий банктың картасын қалаға орнатқан картомат арқылы аласыз. Олар қаланың 4 ауданында орнатылды. Бұл әрекеттер небәрі 1,5-2 минут уақытыңызды алады», – дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.

Қолма-қол ақшасыз төлемге келетін болсақ, бұл барлық төтенше жағдай режимінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер мен саудагерлерге қатысты екенін қала әкімінің орынбасары алға тартады.

«Бұл дүкендерге немесе сауда орындарында тек электронды түрде төлеу керек деген сөз емес. Сіз қолма-қол ақшамен де төлей аласыз, бірақ егер клиент онлайн режимінде, яғни ақша аударуды қаласа, кәсіпкерлер де мұндай мүмкіндік міндетті түрде болуы шарт. Мұны қарапайым жолмен жасауға болатындығын кәсіпкерлер білуі керек, олар жұмыс істейтін банктің қосымшасын жүктеп алып, төлемді қабылдау керек», – деді Мақсұт Исахов.

Осылайша, жергілікті билік коронавирус ауруының таралып кетпеуі үшін, барынша сақтық шараларын қолға алған.

Нұрлан Сұлтанбек