Шымкентте айырбастау пункттері мен микроқаржылық ұйымдар қызметін тоқтатады. Бұл мекемелер онлайн режиміне және клиенттерге жеткізіп беру қызметіне көшеді.
Бұл туралы бүгін карантинге енгізілген соңғы өзгерістер талқыланған брифингте айтылды. Сала мамандарының айтуынша қалада эпидемиологиялық ахуал көңіл көншітпей тұр.
Әлем жұртшылығын алаңдатып отырған коронавирус дертіне шалдыққандар күн санап артып келеді. Карантин ережелерінің қатаңдатылуына осындай жағдайлар себеп болып отыр.
Мақпал Рысбаева