Шымкентте қардың салдары жойылуда

327

 

Шымкент қаласында жауын-шашын туралы алдын ала скерту жарияланған. Нәтижесінде таңғы сағат 09.30-да қарқынды жауған қардың салдарынан 08-09 сәуірде түнгі уақытта қала аумағында жауған қардың салдарынан ағаштардың құлауы туралы хабар түсе бастады.

Жалпы қалада 30-дан аса ағаштардың құлауы тіркеліп, 21жеңіл автокөлігі зардап шекті. Қайтыс болған және зардап шеккен адам жоқ.

Сонымен қатар таңғы сағат 06.30-да 4 ауданда электр қуаты сөніп, электрқаутынан шамамен 8000 жуық абонент ажыратылды. Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 80-нен аса жеке құрам және 20-ға жуық техникасы авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылды.

Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдарының авариялық қызметтері де жұмыс атқарды. Қазіргі таңда қалалық энергетика қызметінің күшімен электр жүйесін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Алғашқы 1000 абонентке электр қуаты берілді. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

 

QAINAR KÓZШымкент қ. ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы