Төтенше жағдай кезінде егін егу науқаны тоқтаған жоқ

569

 

Түркістан облысында көктемгі егіс науқаны қыза түсті. Еліміздегі төтенше жағдайға қарамастан диқандар егіс алқаптарында сақтық шараларын ұстанып, еңбек етуде.

Айталық, күні кеше ғана Сайрам ауданы Арыс ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Қосимбек Тәжиев пен Сирожиддин Эгембердиев екеуі бірігіп, тамшылатып суғару əдісімен 21 гектар жерге пияз ұрығын сепсе, 3 гектар жерге пияз көшетін отырғызды. Бұл мақсатқа олар 13 млн теңге жұмсапты.

«Еліміздегі төтенше жағдай шаруаларға қолбайлау болып отырған жоқ. Ең бастысы- сақтық шараларын барынша ұстанып, егін егіп жатырмыз. Мұндай шақта қарап отыруға болмайды. Қазір нағыз егін егу науқаны. Мемлекеттен қажетті қолдауларды атап айтсақ, арзандатылған жанар-жағармайды алып отырмыз»,-дейді Қосимбек Тәжиев.

 

QAINAR KÓZ Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі