Жанармай құю стансасына қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

110
фото inform.kz

Шымкентте полиция қызметкерлері ізін суытпай «Аvto Gaz Stations» жанармай құю стансасына қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні ұстады.

Шамамен түнгі сағат 03.30-да бетперде киген екі күдікті ЖҚС-на басып кіріп, пышақпен қорқытып, операторды скотчпен орындыққа байлап, 90 000 теңгеге жуық ақшаны алып, қашып кеткен.

Абай аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шабуыл жасағандар ұсталды. Айғақты зат – пышақ пен скотч алынды.
Жайт бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу барысында ұсталғандардың Еңбекші ауданының аумағында жасалған ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды.

 

QAINAR KÓZШымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі