Өрт сөндірушілер 4 адамды құтқарып қалды

181

 

2020 жылғы 08 мамыр күні сағат 17:40 минутта Түркістан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Өрт байланысының орталық пультінің «101» нөміріне Түркістан қаласы, Абылай хан көшесі 26/1, бір қабатты 2 пәтерлі жеке тұрғын үй жанып жатқандығы туралы хабар келді. Куәгерлердің айтуынша үйдің ішінде анасы және 3 баласы қалып қойған.

Шақырту орнына тез арада өрт сөндіру қызметінің 3 бірлік өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 13 адамы жіберілді.

Келген сәтте 2 пәтерлі жеке тұрғын үйде (қабырғалары кірпіш, шатыры шиферлі екі жаппалы) №1 пәтерде (үй заттары мен жиһаздары ) жанған, өрт үйдің төбесіне өткен.

Құтқарушылар газтүтіннен қорғау қызметінің буынын құрып, терезе арқылы өртеніп жатқан үйге кіріп, улы газбен уланған 1996 ж. т. азаматша ( аналары) және оның балалары 2015 ж. т., 2017 ж. т., 2019 ж. т. құтқарылып, ауруханаға жатқызылды. Өрт 17:59-да оқшауланып, 18:07-де толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.
Түркістан облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады!

 

QAINAR KÓZТЖД “ӨС және АҚЖҚ” ММ Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы